«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРТЫСЫНАН АСТАМЫ АТҚАРЫЛДЫ

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының 26 мамырдағы жедел мәліметі бойынша, 2,4 млн. гектар аумаққа жазғы дақылдар себілді, бұл жоспардың 60 пайызы, оның 1,9 млн. гектары немесе 56,4 пайызы дәнді дақылдар. Көктемгі егісте Қызылжар ауданы – 66, М.Жұмабаев ауданы – 62,5, уәлихановтықтар 61,8 пайыз көрсеткішпен көш бастап келеді. Майлы дақылдар 442,1 мың гектарға немесе белгіленгеннің 85,4 пайызына сіңірілді. Бұл көрсеткіш Мамлют ауданында – 113, Тимирязевте – 105, М.Жұмабаевта 94,4 пайыз орындалды. Жоспарланған 125 мың гектар жем-азықтық дақылдардың бүгінгі күні 53,0 мың гектары немесе 43 пайызы атқарылды.

Картоп отырғызу аяқталып келеді. “Екінші нанның” тұқымы 27,1 мың гектарға орналастырылды. Бұл жоспар 97,8 пайыз орындалды деген сөз. Сол сияқты, 4,9 мың гектарға көкөніс (93,6%) егілді.

Топырақтың құнарлылығын және егіннің шығымдылығын арттыру мақсатында 173,4 мың гектар алқапқа 12,7 мың тонна минералдық тыңайтқыш сіңірілді.

“Қызылжар-Ақпарат”.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp