Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тұрғыны мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталып, алты айға бас бостандығынан айырылды. 35 жасар ауыл тұрғыны ішімдік ішіп алып, Ефимовка ауылының көшелерінде жүйткіген. Ол бұған дейін де дәл осындай қылығы үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. 2017 жылдың тамызында көлік басқару құқығынан 3 жылға айырылғанымен, бұл оған сабақ болмағанға ұқсайды.
“Аудандық соттың шешімімен ол алты айға бас бостандығынан және өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылды. Бұл құқық бұзушылық төтенше жағдай кезінде жасалғаны жазаны ауырлатуға себеп болып табылады”, – дейді Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Айдос Ыдырысов.
Жыл басынан бері өңірімізде осы тектес 20 дерек тіркелді.