«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Бұрнағы күні таңертең Петропавлда тұрғын үй өртенді.

Жұмысшы кентіндегі Суворов көшесі бойындағы 256-шы үйден өрт шыққаны туралы хабар «101» телефон нөміріне келіп түсті.  Тілсіз жауды ауыздықтауға дереу №1 және №4 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Олар төтенше жағдай орнына жеткен кезде ағаш үйдің шатыры мен дәлізі отқа оранған екен. Өртсөндірушілер жалынды 1 сағаттың ішінде оқшаулап, сөндірді. Әрі олардың үйлесімді іс-әрекетінің нәтижесінде газ баллондарының жарылу қаупі  сейілді. Үйден қауіпсіз жерге 3 газ баллоны шығарылды. 56 шаршы метр аумаққа жайылған өрттің салдарынан баспананың шатыры, дәлізі және жиһаздары зардап шекті. Қазір оқыс оқиғаның нақты себебі мен келген шығын көлемі анықталуда.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өрттердің алдын алу және адам шығынын болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін ескертеді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp