«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРЫСТАР КҮНДЕЛІГІ

Джун Ри таэквандо бойынша Қостанай қаласында өткен республика чемпионатына елдің барлық өңірлерінен 200-дей спортшы қатысты.

Аталмыш додада сайысқа түскен қызылжарлық, 16 жастағы Еламан Байзақ таэквандоның авторлық стилі саналатын спорттың бұл түрімен қоса, хапкидо бойынша күш сынасты. Жарыс барысында 59 килограмм салмақ дәрежесінде татамиге 4 мәрте көтерілген Еламан екі қарсыласын айқын басымдықпен жеңсе, екі қарсыласынан ұтылып қалды. Жекелей есеп бойынша жерлес спортшы Джун Ри таэквандодан жеңістің екінші сатысына көтерілсе, хапкидо бойынша үшінші болды.  

***

Алматы қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында гір көтеру спортынан ел біріншілігі өз мәресіне жетті. Аталмыш додада өңір намысын 27 спортшы қорғаса, олардың басым бөлігі мектеп оқушылары болды.

Доданың нәтижесінде 7 жерлесіміз жеңімпаздар қатарынан көріне білді. Атап айтқанда, Василий Слепых (85 кг.), Радик Арсланов (95 кг.), Нұржан Бекетов (95+ кг.), Артем Головин (68 кг.) жеңіске жетсе, қыздар арасында Мария Наумова (58 кг.), Наталья Нохрина (68 кг.) және Валентина Диментьева (68+ кг.) алтыннан алқа тағынды.

Сонымен қатар, жерлестеріміз 7 күміс және 1 қола медальға қол жеткізді. Сөйтіп, солтүстікқазақстандық құрама команда медаль саны бойынша жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды.

Барлық жеңімпаздар үстіміздегі жылы өтетін Еуропа және әлем біріншілігіне жолдаманы ұтып алды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp