Өрт сөндіру және апаттық-құтқару саласындағы жылдам маневр жасай алатын өңірдің үздік жүргізушісі анықталды.
Осыған дейін гарнизондарда өткізілген сайыстардан іріктеліп келген жеңімпаздар облыстық кезеңнің де үздігі болуға бар күштерін салды. Жүргізушілер “шеңбер”, “тұраққа кіру”, “тоннельдік қақпалар”, “төмпешіктер”, “ирелең жолдар”, “бағандар”, “бокске кіру”, “эстафета”, “су сорып алу” жаттығуларынан сынға түсті.
Биылғы жылдың “Үздік жүргізушісі” атағын Айыртау ауданы 7-ші өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, өртке қарсы қызмет прапорщигі Ерлан Торғаев жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарда – Петропавл қаласындағы бөлімдердің жүргізушілері Жамбыл Ахметов пен Қайрат Бимағамбетов.
Дмитрий ДЯКИН,
“Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ ӨСТ және ЖБ бас маманы, өртке қарсы қызмет подполковнигі.