Халықаралық баскетбол федерациясы Азия кубогының алғашқы іріктеу кезеңінің жарыс кестесін бекітті.
Қазақстан құрамасы “F” тобында Шри-Ланка, Палестина және Иорданиямен кездеседі. Алғашқы ойындар 2020 жылдың ақпан айына жоспарланған. Екі кездесу де 21 және 24 ақпан күндері өз алаңымызда өтеді. Қарсыластарымыз – Палестина мен Иордания. Екінші ойын апталығы 2020 жылдың қарашасына белгіленген. Қазақстан құрамасы сырт алаңда 26 қарашада Шри-Ланкамен, ал 29 қарашада Палестинамен кездеседі.
Үшінші ойын апталығы 2021 жылдың басында өтеді. Қазақстан ойыншылары 19 ақпанда сырт алаңда Иорданиямен, ал 22 ақпанда өз алаңымызда Шри-Ланкаға қарсы ойнайды