«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРҚЫН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Шілденің жайма-шуақ күнінде Бурабайдың бауыры өнер кенішіне айналып, онда талапты әншілер мен ақындардың және дисжокейлердің басы қосылды. Алғаш рет өткізілген “Бурабай pest” фестивалінің ұйымдастырушысы Адам Кәкім бұл жолғы өнерпаздар сайысын Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, жүлделер тікті. Фестивальға Қостанай, Павлодар, Астана, Көкшетау, Қызылжар өңірлерінің өнерпаздары қатысты.

Ақындар тарихтың қойнауына сүңгіп, бүгінгі қазақ елінің жеткен жетістіктерін жыр өзегі етіп, сұлу сөз ғана емес, білім додасын да қыздырды. Құдайберді Мырзабек басқарған қазылар алқасы жарыс жоғары деңгейде өтті деген баға берді.

Облысымызда жұлдызы жарқырап жүрген жас ақындардың бірі – Жарқын Жұпархан аталмыш сайыстың 3-ші жүлдесін қанжығасына байлады. Бас жүлдені Екібастұз қаласының жас ақыны Алмагүл Жүгінісова иеленді.

Фархад ТАСТАМБЕКОВ,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp