Дүниеге перзент әкелуді армандамайтын ана жоқ шығар. Ұлыбританиялық әйелдің де ана болуды армандағаны соншалық, өзіне донорлық жатыр қондыруға дейін барған.
Әлем медицинасында бұрын-соңды кездеспеген тосын жағдай ана арманының жемісі болса керек.
Бақытты ананың жасы, есімі, жүктілік ағымы туралы ақпарат жария етілген жоқ. Белгілісі – әйел жүктіліктің отыз бірінші аптасында салмағы 1,8 килограмм болған нәрестесін дүниеге әкелген. Бала шала туғанымен, салмағы өз мерзіміне лайық.