«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАРДЫҢ ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛДЫ

Ата Заңымыздың 20 жылдық мерейтойында Аққайың ауданының Рублевка ауылында демалыс орталығы ашылды. Бүгінгі таңда аталмыш ауылда 800-ге жуық адам түтін түтетіп жатса, оның тең жартысы – жастар. Осы орайда жергілікті “Черкасское” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл жастарының көптен бергі тілегін орындады. Жаңа ашылған нысанда би мен түрлі шараларды өткізетін екі зал бар.

Осындай мәдени орталық Добровольское ауылында да ашылды. Жергілікті кәсіпкерлер қажетті ғимаратты тауып берсе, аграршылар жөндеу жұмыстарын жасап, аппаратурамен жабдықтаған. Алдағы уақытта дәл осындай орталық Черкасское ауылында да ашылмақ.  

Аққайың ауданының 32 елді мекенінде 29 мәдени нысан жұмыс істесе, облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тапсырмасымен үстіміздегі жылдың соңына дейін тағы да 30 жаңа демалыс орталығы пайдалануға берілмек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp