Қазақстан Республикасының екінші қысқы жастар ойындары аясында балғын спортшылар спорттың 17 түрінен сынға түсуде.
Бәсекелі дода бағдарламасында жерлестеріміз бүгінге дейін қысқы президенттік көпсайыста жеңімпаз атанса, допты хоккей, биатлон және конькимен жүгіру спортында қола медальға ие болды.
Он екі спорт түрінің қорытындысы бойынша біздің жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте бесінші орында.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”