«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАРҒА – МОЛ МҮМКІНДІК

Өңірімізде бизнес-жоспарларын жүзеге асыру мақсатында 250 жас кәсіпкер өз ісін бастап, қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Жалпы “Жас кәсіпкер” жобасының екі кезеңінде 600 адам білім көкжиегін кеңейтті. 

Аллаберген Қоспақаевтың ка­бинетінде жұ­мыс қызу жүруде. Шы­ғыс медицинасымен ай­налы­са­тын сылаушының (массажист) қа­былдауына адамдар бірнеше ай бұрын жазылады. Өйткені, жас кәсіпкердің қызметін пайдаланатындардың саны күн са­йын артып келеді. Ол денені сы­лаумен қатар, мануалды терапия, инемен емдеу және хиджама сияқ­ты емнің бірнеше түрін жасайды. Жа­қында Аллаберген “Ам­плипу­льс БР 5” физиоаппа­ратын сатып алды.

– Қазір мұндай аппарат ТМД елдеріндегі ауруханалардың бар­лығында қолданылады. Ол бұл­шық еттің тырысып қалуын жаза­ды. Сондай-ақ, протрузия, грыжа, остеохондроз бен өзге де омырт­қа жотасы ауруларын ем­деуге көмектеседі. Осы құрылғының көмегіне жүгінген емделушілердің бі­разының денсаулықтары қалып­ты жағдайда. “Атамекен” кәсіпкерлер палатасына алғысым шексіз, – дейді Аллаберген Қоспақаев.
Жас кәсіпкерлердің грант қар­жысына жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға мүм­кін­діктері бар. Үш айдан соң олар берілген қаржыны қалай игерген­дері жайлы есеп береді. “Жас кә­сіп­кер” жобасының тағы бір қаты­сушысы Дәния Исқалиева йога-сту­дияға қажет құрылғы мен са­палы төсеніш сатып алды. Ол ар­найы оқытудан өткен соң бизнес жо­басын қорғаған. Бүгінде ол жас­тардың кәсіпкерлікпен айналы­суы­на жол ашатын бірегей жоба­ның жүзеге асырылғанына дән риза. Жалпы Петропавл қаласы мен өңірдің тоғыз ауданынан 600 адам кә­сіпкерлік негіздерін оқы­ды. Бизнес-жоспарды қорғаған соң оларға мемлекет 200 айлық есептік көрсеткіш кө­лемінде қайтарымсыз қаржылай көмек көрсетті.
– Барлық қатысушылардың ішінде қазір 253 адам грант алды. Дені тұрғындарға қызмет көрсету­мен айналысады. Өндірістік цех­тар да бар. Бизнес жаттықтырушы­лар жыл бойы түлектермен бай­ланысып, сұрақ туындаса ке­ңес береді, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім мең­­герушісі Рахымбек Зейнул­лин.
Аталмыш жоба бойынша биыл­ғы жоспар толық орындалғанын айтып өткен жөн. Өз ісін ашуға құш­тар жандар “Бастау” жобасы ар­қылы да кәсіпкерлік негіздері бо­йынша білім көкжиектерін кеңейте алады. Бүгінгі таңда өңірлік кә­сіп­керлер палатасында аталмыш бағдарламаның бесінші легі оқы­тудан өтуде. “Бастау” жобасының түлектері де мемлекет тарапынан берілетін 100 АЕК мөлшеріндегі жеңілдетілген несиеге өтініш бере алады.

 

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,
облыстық кәсіпкерлер
палатасының баспасөз хатшысы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp