«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАРҒА СЕРПІЛІС БЕРГЕН «СЕРПІН»

Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова және Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен облыстық әкімдіктегі жиналыста  «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» және «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы әңгіме арқауына айналды.

Жиналысты Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова  жүргізіп отырды. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев бағдарламалардың орындалуы туралы баяндама жасады. Біздің облыста «Серпін» бағдарламасы аясында 1254 студент оқып жатыр. Оларға 1 миллиард теңге бөлінген. Жиналыста Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі  Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі  Күләш Шамшидинова, Түркістан және Павлодар облыстары әкімдерінің орынбасарлары  Ербол Садыр, Асхат Оралов бейнебайланыс арқылы сөйледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp