«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР – БОЛАШАҚ ИЕСІ

Жастар – елдің келешегі, ертеңгі күннің иесі. Сондықтан олар теріс жолға түсіп, тағдырдың ауыртпалығына ұрынбас үшін аға буын өкілдері оң бағыт сілтеп, ақыл-кеңес беріп отырғаны жөн. Өйткені, оңы мен солын бағамдап үлгермеген қаншама жеткіншек ойнақтап жүріп от басуда. Ата-ананың дұрыс көңіл бөлмеуінен, мектептегі ұстаздардың жіті бақыламауынан өмір жолында адасып қалатындар аз емес.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары әр кез өскелең ұрпақпен түрлі тақырыптарда әңгіме өрбітуді дәстүрге айналдырған. Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Эльдар Нұрғалиев, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат Қарабаев және аудандық орталық аурухананың нарколог дәрігері Гүлнәр Низамова, тағы басқа да мамандар қатысқан шарада нашақорлықтың, маскүнемдіктің адам өміріне зияны туралы айтылды.
 

Мұхамедияр ИСИН, Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның пробациялық қызмет бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp