Облыстық Білім және ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларының ұйымдастыруымен оқу орындарындағы нашақорлықтың алдын алуға бағытталған семинар-кеңес болып өтті.
Айыртау ауданындағы Имантау ауылында ҚР ТЖМ иелігіне кірмейтін өрт сөндіру қосыны ашылды. Аудан әкімі Ағзам Тастеміров Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті өкілдерінің, шақырылған қонақтардың, БАҚ-тың қатысуымен өткен салтанатта ағайынды кәсіпкерлер Нұрәли және Идрис Кузахметовтерге шын жүректен ризашылығын білдіріп, өздері туып-өскен ауылда, туыстары мен жерлестері үшін қоғамдық маңызы зор нысанды салғандарына алғыс айтты. Депо ғимараты екі өрт сөндіру автокөлігіне арналған. Одан соң сөз алған Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Әсет Ысмағұлов салтанат иелерінің екеуіне де Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бастығының Құрмет грамотасын табыс етті.
Айыртау ауданының облыс бойынша ерікті өртке қарсы құрылымдарын құруда көш басында жүргенін де атап өткен жөн. 15 ауылдық округтің 13-інде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің балансында тұрған өрт автокөліктері бар ерікті өртке қарсы құрылымдары жұмыс істейді. Сонымен қатар, 4 өрт қаупі бар нысанда мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылған.
Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.