Петропавлдағы гуманитарлық-техникалық колледждің студенттері Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған зияткерлік ойынында білімдерін сынап көрді. Шараның басты мақсаты – дінаралық келісімді сақтау және нығайту.
Жастар арасында діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мәселелері бойынша зияткерлік ойын алғаш рет өткізіліп отыр. Ақпарат және қоғамдық даму орталығы өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар, ең біріншіден, жастардың есінде жақсы сақталып, теріс пиғылды ағымдардың жетегінде кетпеуіне септігін тигізеді. Ойын барысында студенттер екі топқа бөлінді. Олар әлемдегі діндер туралы сұрақтарға жауап беріп, дінтану бойынша сауаттылықтарын арттырды.
“Біз «Инь» және «Ян» болып екі топқа бөліндік. Ойын «Своя игра» деп аталатын бағдарламаның форматында өтті. Яғни, әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. Осылайша жеңімпаз анықталды. Ойын барысында біз көп нәрсені білдік. Мәселен, облыс тұрғындарының 70 пайызы ислам дінін ұстанады екен, – деді «Инь» командасының капитаны Милана Поротикова.
http://petropavltv.kz