Облыс орталығындағы Жастар сарайында “Туған ел – “Бәйтерегім” атты концерт өтті. Кеш шымылдығын Сегіз сері атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі Батырхан Рыспанбетовтың “Тәуелсіз Қазақстан” композициясымен ашты.
Бұл күні ұжымға Атырау қаласынан келген дирижер Рахат Мадреев жетекшілік етті. Бұл – оның Қызылжар жеріндегі алғашқы концерті. Мейман Петропавл сахнасында мүлдем орындалмаған 20-дан астам жаңа туындыны ала келген екен.
– Еліміздің барлық қалаларында болдым. Шетел асып та концерт қойдық. Бүгінгі концертіміз көрерменнің көңілінен шықты деген ойдамыз, – дейді Маңғыстау облыстық филармониясының бас дирижері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Рахат Мадреев.
– Бұл оркестрде мен 17 жыл өнер көрсетудемін. Осы уақыт аралығында біз көптеген дирижермен жұмыс істедік. Бұл жолы бұрын-соңды орындалмаған Батыс өңірі күйшілерінің туындыларын үйрендік. Біз үшін бұл үлкен тәжірибе, – дейді Сегіз сері атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің мүшесі Әсемгүл Кереева.
Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.