Жастар жылының аясында Қызылжар өңірінде атқарылатын жұмыстар жоспарланды.
Алдағы жазда Елбасының «Жасыл қала – жасыл ауыл» жобасы бойынша Қызылжар өңіріндегі әр ауданда және Петропавлда «Жастар саябақтары» бой көтереді. Әскери-патриоттық бағыттағы «Әскердегі 1 күн» жобасы Отан алдындағы азаматтық борышты өтеуге насихаттайды. Петропавлда алғаш рет республикалық инновациялық «Ivent» жобасы, киберспорттан аймақтық турнир, жұмысшы мамандықтарының байқауы, шалғайдағы елді мекендердегі жас мамандарға арналған «Жастар керуені» лагері ұйымдастырылмақшы.