«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ҚҰЛШЫНЫСЫ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Қызылжар жастары” қоғамдық ұйымы ұйымдастырған “Дөңгелек үстел” отырысына қатысқан жүзге жуық жас азамат Президент сайлауын өткізуді қолдайтындықтарын білдірді.

Шара барысында сөз алған “Нұр Отан” партиясы “Болашақ” филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Зель:

– Әлем мемлекеттерінің дамуына кедергі келтіріп отырған дағдарысқа қарамастан біздің еліміз даму бағытынан тайған жоқ. Халықтың маңдай терімен тапқан еңбекақылары мен зейнетақылары, сіздердің ай сайын алатын шәкіртақыларыңыздың бір теңгесі де қысқартылмай, қолдарыңызға тиіп отыр. “Болашақ” бағдарламасымен он мыңнан астам өрен әлемнің жиырма мемлекетінде өз білімдерін жалғастыды, – дей келе, сайлауға қатысу ел болашағына алаңдайтын әрбір жастың азаматтық борышы екенін еске салды.

“Қызылжар жастары” жастар қоғамдық ұйымының төрағасы Фархат Тастамбек еліміздің тарихындағы маңызды әрі жауапты сәтте әр өреннің дауыс беруден тыс қалмай, дұрыс шешім қабылдайтынына сенім білдірді.

Шара соңында жастар 26 сәуірде өтетін Президент сайлауына қатысатындарын бірауыздан жеткізді.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp