«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖАСТАР ӨМІРІНІҢ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ”

Кез келген елдің тағдырында, болашаққа жасаған қадамында рухани құндылықтарының – тарихының, дәстүрінің, өнері мен мәдениетінің, әдебиетінің маңызы аса зор. Бүгінде әлемде “Бір ел – бір кітап” акциясы қоғам өмірінен берік орын алғаны белгілі. Осыған орай Қазақстан Республикасында ұлы Абайдан басталған осы дәстүр жылма-жыл жалғасып келе жатыр. Биыл бір ел болып оқитын кітабымыз ретінде қазақтың көрнекті қаламгері Сайын Мұратбековтің “Жусан иісі” повесі таңдап алынған еді.

Біздің И. Шухов атындағы қалалық кітапхана және оның құрылымдық бөлімшелері С.Мұратбеков шығармаларын насихаттап, көпшіліктің оқуына жетісуде түрлі мазмұндағы жұмыстарды жүргізеді. Бұлар – кітап көрмелері, әдеби кештер, пікірталастар, кітап оқу марафондары түрінде өтуде. Осындай шараға Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің оқушылары шақырылып, “Ұлттың ұлы қазынасы” атты басқосуға қатысты. Кездесуде оқушылар жазушының аталған повесін оқығандарын айтып, сол бойынша өз ойларын ортаға салды.

Осындай кездесулерде жастар, оқушылар тәуелсіз “Тарлан”, М. Әуезов атындағы әдеби сыйлықтар иегерінің, көрнекті қаламгердің өмірімен және шығармашылығымен жан-жақты таныса алады.

Ләззат ЕРҒОЖИНА,

№2 кітапхананың меңгерушісі.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp