
Аман ӘУЕСХАНОВ,
СҚО ТЖД “ӨС ж/е АҚЖҚ” ММ баспасөз хатшысы.
Төтенше жағдайлар департаментінің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінде шағын футболдан ведомстволық жарыс өтті.
Мекеме бөлімшелерінің ұжымдары арасында спорт шараларының өткізілу дәстүрі қалыптасты деп айтуға болады. Өртсөндіруші әрқашан өзін жақсы спорттық күйде сақтап, жолдастық матчтарда ұжым абыройын қорғауы керек.
Турнирде Петропавл қаласының мамандандырылған жасағының офицерлер құрамы жеңімпаз атанды.
Жарысқа қатысушылар құнды сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.