«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жасыл желек — ауыл көркі

Кеңес орта мектебінің директоры Балапан Базарбекованың бастамасымен сәуір-мамыр айларына жоспар жасалып, ауланы көркейтіп, абаттандыру бойынша түрлі шаралар белгіленді. Тапсырма бойынша ұжым мүшелерінің әрқайсысы білім ошағының ауласына бір-бір түптен алма, шие, қарақат сияқты жеміс ағаштарын отырғызды.

“Ауылына қарап азаматын таны” дегендей, көктем келіп, тіршілік атаулы жанданып, айнала құлпыра бастаған шақта сыртқы бейнемізді көрсететін мектебіміздің маңайы сәнді, таза болуына мұғалімдер мен оқушылар да бір кісідей жұмылды. Мектеп басшысы ұстаздардың бұл бастамасын үлгі етіп, оқушыларға да өз үйлерінің маңын тазалап, жеміс ағаштарын отырғызса, нұр үстіне нұр болатынын айтты.

Шынар ТУКЕНОВА,

Кеңес орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Шал ақын ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp