«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСЫРЫНСА ДА, ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

34 жасар әзірбайжандық азамат кісі қанын жүктегені үшін 1999 жылдан бері іздестірілуде болғанды. Сол жылы ол әкесімен екеуі Баку-Қазақ тасжолының бойында бір ер-азаматты өлтіріп, оның 14 миллион 800 мың манат ақшасын алып, қашып кетеді.

Үстіміздегі жылдың сәуірінде Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полициясы басқармасының қызметкерлері шетелдік әріптестерінен хабар алысымен із кесуге кірісті. Соның нәтижесінде күдіктінің Петропавлдағы жатақханалардың бірінде тұратыны анықталды.

Қазір ол ұсталып, тергеу оқшаулағышына қамалды. Енді еліне қайтарылады. Әкесі 2003 жылы қайтыс болыпты.

Жыл басынан бері облыс полицейлері іздестірілуде жүрген 38 қылмыскерді құрықтады.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp