Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Төрт күн бойы әлемнің 61 елінен келген 500-ге жуық спортшы жүлдеге таласқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша ел құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен төртінші орынды иеленді.
Жарыстың алғашқы күнінде Нұрқанат Серікбаев (50 кг.) чемпион атанса, Мадина Парагульгова (70 кг.) күміс медальға қол жеткізді. Әлима Жұмағалиева (40 кг.), Әділ Марлен (60 кг.), Тілеген Тынарбай (66 кг.) және Айдар Арапов (81 кг.) қола медаль иегерлері атанды.