«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСӨСПІРІМДЕР СЕМСЕР АЙҚАСТЫРДЫ

Алматы қаласында жасөспірімдер арасында семсерлесуден өткен ел біріншілігінде өңірлік құрама жақсы нәтиже көрсетті.

 

Сонымен біріншіліктің қорытындысына көз жүгіртсек, жасөспірімдер арасында Вадим Лысенко қырық спортшының ішінде екінші нәтижеге қол жеткізді. Сондай-ақ облыстық ерлер құрамасы жалпыкомандалық екінші орынды жеңіп алды. Жартылай финалда алматылықтардан 45:40 есебімен басым түскен олар ақтық ойындарда астаналықтардан 45:42 есебімен ұтылды.

Кадеттер арасында Денис Анацко 5-орынға тұрақтады. Жасы 13-те болса да, 16-17 жастағылармен сайысқан Денис ең жас қатысушы ретінде көрермендердің ықыласына бөленді. Сөйтіп кадеттер жарысқа қатысқан он құраманың ішінде үшінші орынды иеленді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp