«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕ

Облыстық кәмелетке толмағандарың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта жасөспірімдердің құқығына қол сұғуға қатысты әкімшілік істерді қараудың ерекшеліктері жайында “дөңгелек үстел” өтті. Жиынға сот, прокуратура органдарының өкілдері мен Ювеналды полиция басқармасының қызметкерлері қатысты. 

Жұлдыз ОСПАНОВА,

СҚО Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың кеңсе меңгерушісі.

Заңды бұзған немесе мемлекеттің қолдауына зәру кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғауда мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың үйлестірілген жұмысын жолға қою қажет. “Дөңгелек үстелде” жасөспірімдердің құқығын қорғауда сот саласы мен ішкі істер органдарының өзара тығыз қарым-қатынас орнату мәселесі талқыланды.

Статистика мәліметі сотқа түсетін істердің дені жасөспірімдердің құқығына қол сұғуға қатысты әкімшілік істер екенін көрсетіп отыр. Ал іс жүргізуде Ювеналды полиция қызметкерлерінің тарапынан бірқатар олқылықтар анықталған. Мәселен, өткен жылы ювеналды сотқа әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты 764 іс келіп түскен. Ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының бұл істерді тиісті ресімдемеуіне байланысты олардың 203-і кейін қайтарылған. Ал 82 іс өндіріспен аяқталды.

Жиында аяқталған және қайтарылған әкімшілік істер талданып, Петропавл қаласы Ювеналды полициясының бөлім бастығы Қымбат Қасымғожина өз саласы бойынша істерді қараудың ерекшеліктеріне тоқталды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp