«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС АСПАЗДАР МЕКТЕБІ

Облыс орталығында тұңғыш рет балаларға арналған “Kids Classik Schoolfood” аспаздық мектебі ашылды.

“Classik” мейрамханасының бас аспазы Олег Кириллов алдағы үш ай бойы балғындарға аспаздыққа қатысты дәрістер оқитын болады. Ең бастысы, аспаз болуға асық ұл-қыздарға қажетті азық-түлік тегін ұсынылады. Сондай-ақ, олар шеберлікті арттыру сабақтарына ата-аналарымен бірге келе алады. Асүйде жас аспаздардың қиялына ерік берілген, яғни олар бастапқы уақытта тәлімгерлерінің көмегімен өздері қалаған тағамды жасау мүмкіндігіне ие. “Қазіргі уақытта балалардың арасында сүт коктейлі мен бургерге деген сұраныс зор. Шәкірттерім бірінші сабағымызда осы тағам түрлерін қалай әзірлеу керектігіне қызығушылық білдірді. Келесіде үстел басында отыру тәртібі, көкөніс пен жемістердің пайдасы туралы әңгімелейтін боламыз”, – дейді бас аспаз.
Бүгінде 13 бала аспаздық мектебіне жазылған. Олардың басым бөлігі – қыздар. Оқу аяқталған соң жас аспаздарға мейрамхана басшылығы атынан сертификаттар беріледі.


Рабиға ЕРАЛЫ.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp