Петропавлда қазақ күресінен Қожаберген жырау атындағы республикалық турнир өтті.
Дәстүрлі сайысқа еліміздің әр өңірінен келген 16-17 жас арасындағы екі жүзге жуық балуан қатысты. Жарыс барысында спортшылар тоғыз салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтады. Атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері Дмитрий Динер мен Руслан Ильбисинов 46 және 50 килограм салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Тағы бір солтүстікқазақстандық Әділет Әнуарбек 60 килограм салмақта топ жарды. Нұр-Сұлтан қаласының өкілдері Мерей Әбдікешев пен Самат Серікбай 55 және 82 килограмда жеңістің биік тұғырына көтерілді. Шығысқазақстандық Нұржан Мэлсов пен Мейіржан Беріков 76 және 82 килограм салмақта үздік болды. Ал Ақтөбе облысының намысын қорғаған Бекарыс Базарбаев 65 килограм салмақ дәрежесінде басымдық танытты. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар және естелік сыйлықтар табысталды.