«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ДОМБЫРАШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

Тимирязев ауданындағы Жарқын орта мектебінің “Шабыт” домбырашылар ансамблі Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық “ЖасStar” фестиваліне қатысып, лауреат атанды.

“Аспапта орындау” аталымы бойынша бірінші орынды қанжығаларына байлаған жерлестеріміз өңір намысын абыроймен қорғады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Маржан Арапбаева сияқты белгілі өнерпаздардың алғысына бөленген домбырашылар бұл байқаудан ерекше әсермен оралды. Бұл орайда, баласы бәйгеге түссе, тақымын қысып, әрқашан қолдау білдіретін ата-аналар мен демеушілік көмек көрсеткен “Жарқынкөл” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Самат Ибраевке мектеп ұжымының ризашылығы шексіз екенін айтып өткен жөн.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp