«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ДОМБЫРАШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Мәдениет қайраткері, белгілі ұстаз Тойкен Күдерованың шәкірттері кезекті рет халықаралық додадан жүлдемен оралды.

Осы жолы “Күдер” ансамблі құрамындағы жас домбырашылар Дубай қаласында өткен “Jumeirah Sounds” конкурсында өнер көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Дарынды жастарға шығармашылық қолдау көрсету, патриоттық, азаматтық, мәдени-эстетикалық бағытта тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған шарада жерлестеріміз 10-ға жуық мемлекеттің өнерпаздарымен сынға түскен. Ансамбль мүшелері М.Әубәкіровтің “Талас”, Т.Момбековтың “Салтанат” және Е.Айшуақұлының “Ирең” күйлерін орындап, ең жоғары ұпай жинаған.
“Музыкалық-эстетикалық бағыттағы дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат – өнер колледжі” кешенінің тәрбиеленушісі Расул Өмірзақ та бас жүлдені жеңіп алды. Қазылардың оң бағасын алған тағы бір жерлесіміз Камила Мақпоз жеке орындауда бірінші орыннан көрінді.
Тойкен Күдерованың айтуынша, бұл конкурсты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Раиса Мұсаходжаева ұйымдастырған. Тәжірибелі педагог өнер бәсекесінде жұлдыздай жарқырап, өңіріміздің абыройын асқақтатқан жасөспірімдерге жылы лебізін арнап, қазақ күйінің құдіретін әлемге танытып жүргендері үшін ризашылығын білдірді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp