«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ДӘРІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Бүгінгі таңда облыста 1402 дәрігер мен 5 мыңнан астам орташа медициналық қызметкер жұмыс істейді. Дегенмен өңірге әлі 230 маман жетіспейді. Олардың қатарында терапевт, педиатр, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог және хирург дәрігерлер бар. ,иылғы жылдың соңына дейін еліміздің медициналық жоғары оқу орындарының 169 түлегі біздің өңірге жұмыс істеу үшін келмек. Олардың 86-сы елді мекендерде еңбек ететін болады.

Бұдан екі апта бұрын облыстық онкологиялық диспансерге екі жас дәрігер келді. Әнел Асқандирова мен Айнұр Даниярова онколог-маммолог және химиотерапевт-дәрігері болып жұмыс істейді. Санжан Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің түлегі Әнел науқастарды қабылдаумен қоса оларға ота жасаумен де айналысады.
– Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезден бері мен дәрігер болуды армандаған едім. Отбасымызда қатерлік ісік дертіне шалдыққан адам бар. Сол себепті мен онкология бағытын таңдап, осы аурумен сырқаттанғандарды емдеуді қолға алдым. Қазір бас дәрігерге көмектесіп, тәжірибе жинақтау үстіндемін. Сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққандарға жеңіл оталар жасаймын, – деді жас маман.
Ал Айнұр біздің өңірдің тумасы екен. Ақ халатты абзал жан университетте алған білімін іс жүзінде қолдануды көздейді.
Жалпы, өңірімізге 26 жас дәрігер келіп, жұмысқа кірісіп кетті. Айта кетерлік жайт, 2019 жылы 58 жас маманға 1,5 миллион теңгеден 87 миллион теңгенің көтермеақысы берілді. 100 жас маманға баспана алу үшін бастапқы жарна ретінде 1 миллион теңгенің сертификаттары табыс етіледі.

 

http://petropavltv.kz/  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp