«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ҮЙРЕНЕРІ КӨП

Тұңғыш Президент – Елбасы қоры және Қазақстан жастарының конгресі журналистика және филология факультетінің студенттеріне, бұқаралық ақпарат құралдары және блоггингке қызығушылық танытатын жастарға саланың қыр-сырын үйретуге бағытталған “Jas qalam” республикалық жобасын қолға алға болатын. 

Екі айға жалғасатын жоба аясында Көкшетау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Талдықорған сияқты қалалардың жастары қамтылады. Ерекше жобаны ұйымдастырушылар өткен демалыс күні М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де өңір жастарының шығармашылық қабілетін жетілдіру бағытында форум өткізді. “Jas Qalam” жобасының басты мақсаты жастарға журналистика трендтерін, телевизиялық және баспа материалдарын сапалы берудің әдіс-тәсілдерін үйрету, өскелең ұрпақтың қоғамдық белсенділігін арттыру болып табылады. Шараға білікті мамандардан тәжірибе алып, журналистиканың қыр-сырын меңгеруге ниеттенген 16 мен 29 жас аралығындағы жас журналистер және болашақта журналист боламын деген жастар қатысты. Форумды ашқан Қазақстан жастар конгресі жанындағы жастарды қолдау республикалық орталығының жетекшісі Ерғазы Әзімханұлының айтуынша, қазіргі тілшілер көптеген қателерге бой алдырады. Әсіресе, материалдарды дайындау форматы сияқты назар аударатын жайттар жетерлік. “Jas Qalam” жобасының аясында өткізілген шаралар жастарға көп дүниелерді танып-білуге, болашақ журналистердің жаңа легін құруға септігін тигізеріне сенім білдірді. “Еуразия” бірінші арнасындағы “Аналитика” бағдарламасы мен жаңалықтарының продюсері, “Atameken Business” телеарнасының тілшісі, продюсер Мөлдір Абдуалиева және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы, медиа-жаттықтырушы, блогер Ақерке Берлібай шараны тележурналистика, баспа және интернет-журналистика және блоггинг бойынша шебелік сыныптарын өткізді. Оның барысында қатысушылар теориялық білімімен қоса, бейнетүсірілім, тікелей эфирді жүргізу, сюжет, мақала жазу, сұхбаттасу, сонымен қоса, жеке блог, әлеуметтік желілердегі аккаунттарды жүргізу, сторителлинг, копирайтинг, болашақ журналист не блогерлік имиджін қалыптастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp