«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ!

Петропавлдағы “ПАМЖЗ” АҚ соңғы жылдары облыс орталығындағы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-мен және Машина жасау колледжімен әріптестік байланыс орнатқан. Аталмыш оқу орнының студенттері кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өту кезінде атқарған ісіне қарай еңбекақымен қамтамасыз етіледі, өзін іс жүзінде көрсеткен студенттер оқу орнын аяқтағаннан кейін мамандығы бойынша жұмыс істеуге шақырылады. Сондай мамандардың бірі – Ерлан Ахметов. Ол М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің машина жасау факультетін тамамдаған. 2012 жылдан бері зауыттың №6 цехында учаске басшысы қызметін абыроймен атқарып келеді.

– Облыс орталығындағы ірі өндіріс орнында еңбек етіп жүргенімді, игілікті істерге өзіндік үлес қосып жатқанымды мақтан етемін, – дейді жас маман.

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

  Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp