Кеше Петропавлдағы Оқушылар сарайында Қазақстан және Ресейдің балалар ұйымдары көшбасшыларының жиыны басталды.
Оған келген 100-ден астам жас белсенділер өз өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобаларды таныстырып, балалар ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауда, тәжірибе алмасуда. Шеберлік сағаттары, дөңгелек столдармен қатар балалардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен қызықты бағдарлама, қаланың көрнекті орындарына саяхат ұйымдастырылған. Көшбасшы балалар «Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешені, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, «Нептун» аквапаркі мен ботаникалық бақтың жұмысымен танысады.