«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС МАМАНДАРМЕН ОРТА ТОЛАДЫ

Биыл өңірімізге 60-тан астам жоғары білімді медицина мамандары жолдамамен келетін болды. Мұның өзі кадр тапшылығы мәселесін шешуге оң ықпал жасары сөзсіз. Бүгінгі күні өңірімізге терапевт, невропатолог, гинеколог сынды дәрігерлер қажет. Осыған орай жоғары білімді медицина мамандарын даярлайтын Астана, Қарағанды, Семей қалаларындағы оқу орындарының түлектерімен келісім жасалыпты. Өткен жылы облысымызға жолдамамен келген 70-ке жуық медицина қызметкері Петропавл қаласының және аудандық ауруханаларда еңбек етіп жүр.

Сонымен қатар, облыстық медициналық мекемелердің бюджеттен тыс қаражатына 24 студент еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуда. Олар алдағы жылдары университетті тамамдап, өңіріміздегі ақ халатты жандардың қатарын толықтыратын болады.

Инна КАЛИМБЕТ,

облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp