«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС МАМАНҒА ЖӘРДЕМ

Қызылжар ауданында мұ­ғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында жас педагогтардың слеті өтті. Дәстүрге айналған шараға өңірдің түкпір-түкпірінен 50 ұстаз келген.

Шараға елімізге танымал 10-нан астам спикер қатысты. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлт­тық академияның аға ғылыми қызметкері Меруерт Өмірәлиева еңбек жолын енді бас­таған жастарды заман талабы­на сай ұстаз болуға, уақытты қалай үнемдеуге үйретті.

– Жас мамандарға толып жатқан техникалардың ішінде дұрысын таңдауға көмекте­семін. Бұл – біздің жұмыста ең маңызды факторлардың бірі. Жас маман толағай табысқа жетуі үшін әрқашан ізденісте болуы қажет, – дейді ол.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданнан келген Червонный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Аружан Камелованың ұстаз­дық жолды бастағанына 3 жылдан асқан. Айтуынша, осы уақыт ішінде мұғалімдіктің бі­раз қыр-сырын үйренген.

Жас мамандар 2 күнге ұлас­қан қызықты бағдарламалар­дың нәтижесінде түрлі мәлі­метті игерді.

Облыста 12 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. 2400-ге жуығы – жас маман.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp