«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС САРБАЗДАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Петропавл қаласындағы №6637 әскери бөлі­мін­де 202 жас сарбаз ант қабылдады. Салта-натты ша­раға мекеменің басшылығы, сала ар-дагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен ту-ған-туысқан­да­ры қатысты.
Ант қабылдау рәсімінде сөз алған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Тәттібаев әскери борышты орындау әрбір ер-азаматтың асыл міндеті екендігіне тоқ-талып, болашақ сарбаздарға сәттілік тіледі.
– Әскер өмір мектебі, келешекке жетелейтін баспалдақ тәрізді. Осы орайда жастарды қатал тәртіпке, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ізгі қа­сиеттерге баулуда әскердің маңызы зор. Мен сіз­дердің антқа адал, еліміздің сенімді қор­ғаны болып қалыптаса алатындарыңызға кәміл сене-мін, – деді Иманғали Сұлтанұлы.
Әскери бөлімнің бастығы, подполковник Ар­ман Шәкіровтің айтуынша, болашақ сарбаздар  Алматы, Қарағанды, Талдықорған және Түркі­стан облыстарынан келген. Олар бұл мекеменің жедел іс-қимыл батальонында және атқыштар рота­сын­да өздерінің азаматтық борышын атқа-ра­тын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp