«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ТІЛШІЛЕР САЙЫСЫ

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде болашақ журналистердің білім мен білік додасы  өтуде.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған сайыскерлер өткір тіл, ұшқыр ой, жылдам шешім қабылдап болашақта шындық, әділеттілік қырандары болатынын көрсетті.

Олимпиаданың бірінші күні сайыскерлер «Ұлы даланың ұлағаты» тақырыбында бейнетүсірілім көрсетіп, эссе жазды. Екінші күннің  тапсырмасы: тест, жедел ақпарат тарату және «Ертіс — Баян өңірінің тарихы мен келбеті менің әсерімде» атты бейне-сюжет дайындау.
Он жеті топтың ішінен кімнің асығы алшысынан түседі?!  Келесі жылы журналистердің пән олимпиадасы қай өңірде өтеді? Оның қорытындысы кешке белгілі болады.Журналистика мамандағы бойынша өткізіліп жатқан XI пән олимпиадасының қатысушылары Ертіс жағасында орналасқан Павлодар қаласында саяхат жасады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қаланың көркем жерлерін аралап, көңілдеріжайланды. Қонақтар «Рәміздер» паркі, Ертіс жағалауы, Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет-өнер музейі, Мәшһүр Жүсіп Көпеев мешітіне барды.

Республикалық сайыста Қызылжар өңірінің намысын Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ 3-курс студенттері Марлен Аманов, Индира Еркебұлан, Әсемгүл Альмишева қорғауда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp