
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жастар және ғылым – 2019» атты VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.
Жастардың ғылыми-зерттеу қызметін жандандыруға ықпал ету мақсатын көздеген шараға елімізбен қатар жақын шетелдердің жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда.
Университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Ақмарал Ибраеваның айтуынша, конференцияға жас ғалымдардан 200-ден астам баяндама түскен. Үстіміздегі жылы ғылыми жобаларды қолдауға университет ректорының 5 гранты бөлінді. Бір жобаны қаржыландыру құны 150 мың теңгені құрап отыр.
Бұл туралы толығырақ газетіміздің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар.