«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ ЖАҚСЫ МҮМКІНДІК

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің “Журналистика” кафедрасы жанынан “Жас қаламгер” шығармашылық бірлестігі құрылды. Оның негізгі мақсаты – университеттегі өнерлі жастардың басын біріктіріп, шығармашылыққа ден қойған жігіттер мен қыздар арасындағы бәсекелестікті арттыру. Сонымен қатар, ән мен күйден нәр алып, өлеңмен өнер әлеміне аяқ басуға ұмтылған жас таланттардың шеберлігін шыңдау, оларға бағыт-бағдар беру.

Шараға журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттермен қатар Моңғолия және Қытайдан келген дайындық тобының тыңдаушылары да қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

– “Жас қаламгер” шығармашылық бірлестігінің құрамы тек қана өлең жазатын жастармен шектелмейді. Бойында түрлі таланты бар қыз-жігіттер үшін есігіміз ашық. Талабы бар жастар өздері аптасына бір рет кездесіп, өнерлерін ортаға салса, ай сайын “дөңгелек үстел” ұйымдастырылып, олармен тағылымы мол әңгімелер өткізіліп тұрады. Мұндай шаралардың барлығы жастардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға арналады, – дейді аталмыш бірлестіктің жетекшісі, университеттің аға оқытушысы Жазира Көкбасқызы.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp