Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, Петропавлда адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, ашу мақсатында үш күндік шара өтті.
Шара барысында жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшілері мен басқа да заң бұзушылар ұсталды. Атап айтқанла, 45 жастағы қала тұрғыны жеңгетайлықпен айналысып, ақысын төлегендерге жас қыздарды жыныстық қатынасқа итермелесе, 23 жасар әйел де осындай жолмен ақша табуды кәсіпке айналдырған екен.
Олар осы заң бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 309-шы бабында қарастырылған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылмақ. Қазір тергеу амалдары қолға алынған.