«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ҰРПАҚ — ТАБИҒАТ ҚОРҒАНЫ

Өңіріміздегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Астана қаласында өткен “Қоқиқаз – 2017” фестивалінен жүлделі оралды. “Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы” мемлекеттік мекемесі бұл байқауды дәстүрлі түрде өткізіп, табиғатты қорғау мәселесіне қоғам назарын аударады.

Табиғатты қорғау тақырыбында сурет салып, бейнероликтер түсірген солтүстікқазақстандық өрендер бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленді.

Мәселен, қызылжарлық өрендердің Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген қоқиқазды қорғауға үгіттейтін төрт минуттық бейнеролигі қазылар алқасының көңілінен шыққан. Оны оқушылар мектептеріндегі “Кино зертханасы” үйірмесінде түсіріпті.

Аталған фестивальға қатысқан тағы екі оқушы табиғатты қорғау тақырыбында графика мен батик стилінде сурет салып, жүлделі орындардан көрінді.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp