«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ЖАС ӨРКЕНДЕ» МҰЗ САРАЙЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Өңір басшысы облыс орталығындағы әлеуметтік нысандардың және тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Биыл облыс бойынша 332 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілмек. Қазіргі уақытта Петропавлда 1,9 мың пәтерлік 17 үй салынуда.

«Нысандардың бір бөлігі бюджет қаражаты есебінен тұрғызылуда. Мәселен, «Жас өркен» шағынауданында және Уәлиханов көшесінде Заречный кентінің тұрғындары үшін 90 және 72 пәтерлік үйлер салынып жатыр. Бұл кент өзеннің жайылмасында орналасқандықтан су басу қаупі жоғары. Жаңа тұрғын үйлерде адамдардың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруіне барлық тиісті жағдайлар жасалады», – деп атап өтті өңір басшысы.

Өңірде инвестиция тартудың арқасында коммерциялық құрылыс та қарқын алған. Қалада жеке компаниялар 10 көпқабатты тұрғын үй кешенін тұрғызып жатыр. Бұл үйлер заманауи стандарттарға сай «ақылды үй» (электронды құлыптар, Face ID, түтін және су ағуын ескерту) технологияларымен жабдықталмақ.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік нысандарды да аралап көрді. Өңір басшысы ат басын бұрған нысандардың бірі – «Жас өркен» шағынауданындағы мұз сарайы. Жаңа кешенде мұз аренасы, бассейн, шағын-футбол залы және жаттығу аймағы болады. Облыс орталығының тұрғындары мен спортшылары бұл кешеннің ашылуын асыға күтуде. Мұз сарайы қаламызда бұқаралық спортты дамытуға үлкен үлес қоспақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp