Петропавлда отбасылық жатақхананың 5-қабатындағы бөлмеден өрт шықты.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бөлмедегі заттар мен жиһаз өртенген. «Қорғаныш капюшонының арқасында 10 адам құтқарылды, оның екеуі – бала. 50 адам эвакуцияланды, оның 16-сы – бала. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», – деді баспасөз қызметі.
Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамдағы 26 адам мен 9 техника жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, жатақхана тұрғыны темекі шегу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаған. Өрттің нақты себебі мен залал көлемі анықталып жатыр.
https://www.inform.kz