«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАТАҚХАНАҒА ЖӨНДЕУ ҚАЖЕТ

“Nur Otan” партиясы «Jas Otan» жастар қанатының облыстық филиалы бақылау тобының мүшелерімен бірге Петропавл қаласындағы студенттер жатақханаларының жағдайымен танысу мақсатында рейдтер жүргізуді қолға алды. Олар ең алдымен Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жатақханасында болды.

Бұл жатақхана салынғаннан бері бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмепті. Көңілге медеу болары, жыл сайын студенттер жазғы демалыс қарсаңында шама-шарқынша жеңіл-желпі жөндеу жасайды екен.
Рейд барысында анықталғанындай, бөлмелердегі электр жарығы болар-болмас. Кей бөлмелерде үш адам тұрып жатқынмен, бір ғана розетка орнатылған. Төтенше жағдай орын ала қалғанда қажет болатын қосымша есік жоқ. Жатақханада екі-ақ тоңазытқыш бар екен. Сондықтан студенттер азық-түліктерін терезе сыртында сақтауға мәжбүр. WI-FI желісі бар болғанымен, интернет жылдамдығы өте әлсіз. Бірақ студенттер осындай жағдайға үйреніп алған. Колледж басшылығы оларға қолдан келгенше жағдай жасауға тырысады.
270 орынға шақталған жатақханада бүгінгі күні 235 студент тұрып жатқан көрінеді. Соның ішінде 128 кәмелетке толмаған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 7 бала бар. Ауданы 18 шаршы метрді құрайтын 91 бөлменің әрқайсысында 3 адамнан тұрады. Бұл санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келеді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp