«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАТ АҒЫМДАР ҚАУІПТІ

Бұрнағы күні облыс орталығындағы Достық үйінде “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас” тақырыбында оқыту семинары өтті. Аталмыш семинарға Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры, философия ғылымдарының докторы, дінтанушы Гүлмира Біләлова мен “Діндерді зерттеу орталығы қауымдастығы” ЗТБ-нің директоры, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс кеңесінің мүшесі Юлия Денисенко қатысты.

– Соңғы 5-6 жылдың көлемінде алатын болсақ, Солтүстік Қазақстан облысында діни жағдай тұрақты. Алайда, бұған малданып қалмай, халыққа теріс ағымдардан қалай сақтану керектігін үйрету қажет, – дейді Гүлмира Біләлова.  

Ал оның әріптесі Юлия Денисенко елдегі тыныштыққа, бейбіт өмірімізге қауіп төндіретін жат ағымдармен күресу биліктің, құзырлы органның ғана емес, қоғамның да жұмысы екендігін атап өтті.

Облыстық прокуратураның бөлім бастығы Руслан Мәмбетов, шынында да, облыста діни ахуалдың тұрақты екендігін және бүгінгі таңда діни экстремизм мен лаңкестік әрекеттердің алдын алуда тиісті мемлекеттік органдар ауқымды жұмыс істеп жатқандығын жеткізді.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp