Облысымызда жүргізілген “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасының үш күні ішінде 1621 құқық бұзушылық анықталды. Бұл күндері ұсталған жүргізушілердің 42-сі мас болса, 34-і жылдамдықты асырып, назарға іліккен. Тіпті, жүргізуші куәлігінен айрылғандар да көлік басқарудан қаймықпаған.
Осы күндері 360 жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тақпаған және жолаушылардың солай жүруіне жол берген. 247 жүргізуші рөлде отырып телефонмен сөйлессе, 19 солтүстікқазақстандық бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер де жауапкершілікке тартылды. 254 жүргінші рұқсат етілмеген жерден немесе бағдаршамның рұқсат етілмеген түсі жанғанына қарамастан жолды кесіп өткен.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.