«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жауапсыз басшылар жазасыз қалмайды

Әдеп жөніндегі кеңестің онлайн режімде өткен отырысында төрт мәселе талқыланды.

Ең алдымен кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Медет Оспановтың ұжымда қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың, мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар мен қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу жөніндегі қолданылған шаралар, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру туралы есебі тыңдалды. Онда қызметкерлерге жүктеменің біркелкі болмауы, басшылықтың лауазымдық міндеттерден тыс тапсырмалар беруі, жұмыста кідірістер, сондай-ақ мереке және демалыс күндері жұмысқа тарту фактілерінің орын алғаны атап өтілді. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Әдеп кодексінің нормаларын сақтамау фактілері, “Е-Қызметі» біріктірілген ақпараттық жүйесі тиісті деңгейде қолданылмайтыны, сайтта нормативтік құқықтық актілер жаңартылмайтыны анықталды. Басқарма басшылығына мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріне Әдеп кодексінің нормаларын сақтау тұрғысынан бақылау мониторингін жүргізу, бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау ұсынылды.
Екінші мәселе бойынша мемлекеттік органдар тәртіптік комиссияларының биылғы 9 айдағы қызметі қаралды. Осы кезең ішінде облыстың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне 447 тәртіптік жаза қолданылған, Өткен жылға қарағанда көрсеткіштің 18,2 пайызға, ал Әдеп кодексін бұзғаны үшін берілген жазалардың саны 31 пайызға азайғаны байқалады. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына, тәртіптік комиссиялардың төрағаларына тиісті ұсынымдар берілді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша облыс әкімі аппаратының 27 қазандағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын бұзу фактісі бойынша ұсынған материалдары негізінде Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаевқа, орынбасары Самат Сарсымбаевқа, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Руслан Сәдуақасовқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Қызметтік тексеру барысында бұлар өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауы, уақтылы ден қоймауы және әрекетсіздігі салдарынан оңтүстік өңірлерден қоныс аударушыларға арналған үйлердің сапасыз салынғаны анықталып, оның соңы арыз-шағымдардың жазылып, қоғамда теріс пікірлер тудыруға әкеп соқтырған. Оны БАҚ-тарда, ақпараттық агенттіктерде, әлеуметтік желілерде жарық көрген жарияланымдар айғақтайды.
Тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндег ікеңес аудан әкіміне, әкімнің орынбасарына және бөлім басшысына қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.
Сондай-ақ, отырыста облыс әкімі аппараты ұсынған материалдар негізінде Әдеп кодексі және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң талаптарын бұзғаны үшін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Асхат Бакеевке қатысты мәселе қаралды.
Жинақталған іс материалдарына сәйкес лауазымды тұлға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 613-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылған. Он бес тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Осылайша Әдеп кодексінің нормаларын, мемлекеттік қызметшіге жүктелетін мемлекеттік қызмет қағидаттарын өрескел бұзған.
        Әдеп жөніндегі кеңес оны қызметінен босатуды ұсынды.


                                                                                                  Бақыт ЖАМБЫЛОВ,
                                                                                                 мемлекеттік қызмет істері
департаменті мемлекеттік
қызмет саласындағы бақылау
басқармасының басшысы.

Сурет: https://tengrinews.kz/

 

 

 

 

 

 


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp