«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАУАПТЫ НАУҚАН ПЫСЫҚТАЛДЫ

Петропавл қалалық Мәдениет үйінде көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанына арналған жиын өтті. Оған облыстық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев қатысты.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Еркінбек Байболов өз баяндамасында барлық күш-жігер мен материалдық көмекті күзгі әскерге шақыру науқанын ойдағыдай өткізуге жұмылдыру қажеттігін атап айтты. Әскерге шақыру кезінде болашақ жауынгерлердің отбасылық жағдайын, физикалық, психологиялық және басқа да қасиеттерін бақылап, мамандықтарына қарай әскери бөлімдерге бөлу, әскери міндеттерін өтегісі келетіндердің ата-аналарымен әңгімелесудің маңыздылығына тоқталды.

Жиын марапаттаумен аяқталды. Ғабит Мүсірепов атындағы, Мағжан Жұмабаев, Есіл, Жамбыл және Тайынша аудандарының қорғаныс істері бойынша бөлімдері үздіктер қатарынан көрінді.

Меруерт МАҚАШЕВА,

қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp