«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАУАПҚА ТАРТЫЛҒАНДАР АЗАЙДЫ

   

 Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент карантин кезеңінде мемлекеттік қызметке қатысты заңнаманы онлайн форматта түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Осындай кезекті жиын барысында тәртіптік комиссияның биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысы қорытындыланды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны 11,7 пайызға азайған.

Департамент мамандары мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережелерін үнемі түсіндіретініне қарамастан, жекелеген лауазымды тұлғалар жұмыс барысында заң бұзушылықтарға жол беріп жатады. Жуырда осындай кемшіліктерді болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының маманы Кәрімжан Дархан орын алған заң бұзушылықтарды Тимирязев ауданы әкімі аппаратының және Петропавл қаласы әкімдігінің тәртіптік тәрбие мәселелерімен тікелей айналысатын қызметкерлерінің қатысуымен онлайн режімде талқылады. Оларға қызметтік тексеріс жүргізу, мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану және оны алып тастау тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшіге еңбек демалысы кезінде тәртіптік жаза қолдануға тыйым салынғаны туралы айтылды. Кездесу соңында семинарға қатысушыларға тиісті ұсыныстар берілді. Сонымен қатар бұл талдау қорытындысы барлық мемлекеттік органдарға жіберілді.

 

 

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің

баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp