«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАУДЫ БҰРЫНҒЫДАН ДА АЯУСЫЗ ТАЛҚАНДАЙМЫЗ!

Біздің бөлімнің жауынгерлері, командирлері мен саяси қызметкерлері Отанымыз алдындағы қасиетті борышын абыроймен орындап, гитлершіл жауыздардан аяусыз кек алуда.

Үш пулеметчик – командир Шербина, көздеуші Лукьянов және қызыләскер Корнев жолдастар майданда болған ұрыстарда фашистердің қасарыса жасаған шабуылдарын тойтарып, 80-нен аса фрицтерді жер жастантты. Пулемет бөлімшесінің командирі сержант Ғабдөш Аяғанов жолдас ұрыста, 40 фашисті “о дүниеге” жөнелтті. Ол екі рет жараланды. Алайда, жаудың ең соңғы шабуылы тойтарылғанға дейін ұрыс даласынан кетпеді.  

Пулеметші Константин Нартудинов жаудың 30-дан аса солдатын жайратты. Фашист жендеттер траншеяларымызға жер бауырлап келіп, гранаталар лақтыра бастады. Нартудинов жолдас гранаталарды жерге түсірмей қағып алып, оларды фашистердің өзіне лақтырды.

Өзбек халқының таңдаулы ұлы Тоқтасын Жауаров аз уақыттың ішінде 12 фашисті өлтірді, аға сержант Кубасов 64 гитлершілді, ефрейторлар – Әлімбаев 58 фашисті, Уфимцев – 7, Бекбаев 32 немісті жойды. 154 фашисті өлтірген даңқты мерген Андрей Королевтің шәкірті Анастасия Степанова 37 фашисті жер жастантты. Орденді мерген Рамазан Өмірзақов жолдас 6 мерген даярлап, 91 немісті жойды.

Н. бөлімінің командованиесі мен қатардағы барлық

составының тапсыруы бойынша:

командирдің саяси қызмет жөніндегі орынбасары,

полковник А. Федин,

саясаттық бөлімінің бастығы, подполковник И. Куценко.

(“Ленин туы” газеті,

22 маусым 1943 жыл).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp